jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Алып гүл шоқтарының жарысы болды": депутат Қазақстандағы мектеп бітіру кештерін сынға алды

Пандемия кезіндегі соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы Қазақстандағы мектеп бітіру кештерін сынға алып, мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутаттың айтуынша, мектеп бітіру – әр азаматтың өміріндегі маңызды белес.

Алайда кейінгі жылдары мектеп бітіру рәсімі тәрбиелік мазмұнынан алыстап, әлеуметтік бәсекенің, дарақылықтың және орынсыз даңғазалықтың көрінісіне айналып бара жатқаны қоғамды алаңдатып отыр.

"Биылғы соңғы қоңырау кезінде еліміздің бірнеше өңірінде қымбат автокөліктен құралған кортеждер ұйымдастырылып, жол қозғалысы ережесі өрескел бұзылды. Алматы қаласында мектеп түлектерінің автокортежіне байланысты 21 кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Ал Маңғыстау облысында түлектердің қымбат көліктермен шеру өткізіп, әлеуметтік желіде сән-салтанатты насихаттаған видео кеңінен тарады", - деді Жарқынбек Амантайұлы.

Оның айтуынша, мәселе тек автокортеждермен шектелмейді.

"Биыл қоғамда ерекше талқыланған тағы бір құбылыс – мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысы болды. Әлеуметтік желіде жүздеген гүлден құралған композициялар, қымбат сыйлықтар мен салтанатты рәсімдер қалыпты жағдай ретінде көрсетілді", - дейді ол.

Депутаттың пікірнше, мектеп қабырғасындағы мұндай көріністер жас ұрпақтың санасында тұтынушылық психологияны, жалған бедел мен сыртқы әсерге табынуды қалыптастыруы мүмкін.

Осыған байланысты Жарқынбек Амантайұлы үкіметтен:

  • мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді;
  • соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанатқа, автокортеждерге және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеу бойынша нақты тетік енгізуді;
  • білім беру ұйымдарында әлеуметтік бәсекені емес, тең мүмкіндіктер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
  • Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мектеп бітіру мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ұлттық тұжырымдамалық ұсыныстар әзірлеуді сұрады.
"Алып гүл шоқтарының жарысы болды": депутат Қазақстандағы мектеп бітіру кештерін сынға алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.