Ақмола облысында 10 жасар бала суға батып кетті: құтқарушылар ескерту жасады
Жарияланған күні:
Ақмола облысындағы су айданында қайғылы оқиға тіркелді. Өңірдегі каналға 10 жасар бала батып кеткен. Сондай-ақ құтқарушылар тағы бір қайғылы жағдайдың алдын алған, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖД-ның мәліметінше, қайғылы оқиға Қосшы қаласында Нұра-Есіл каналында болған.
"Бұл су айдыны шомылуға арналмаған, аумағында тыйым салатын белгілер орнатылған", - делінген хабарламада.
Астана қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен 10 жасар баланың денесі табылып, судан шығарылған.
Сондай-ақ құтқарушылар "Д" есебінде тұрған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізген.
"Бақытымызға орай, ересектердің қарауынсыз қалған бала аман-есен табылды", - делінген хабарламада.
Осы орайда Ақмола облыстық ТЖД тұрғындарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауды, шомылуға тек арнайы жабдықталған орындарда ғана рұқсат етілетінін ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384013-aqmola-oblysynda-10-zhasar-bala-suga-batyp-ketti-qutqarushylar-eskertu-zhasady/