Бірнеше аптадан соң жағдайы нашарлаған: СҚО-да 16 жастағы бала кене энцефалитіне шалдықты
Жарияланған күні:
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 30 жылда оқушыдан алғашқы кене энцефалиті вирусы анықталды. Бұл туралы өңір дәрігерлері хабарлап отыр, деп хабарлайды "Жетінші арна".
Орманнан келген 16 жастағы жасөспірімнің денесінен қансорғышты әкесі байқап қалған. Алайда өз бетімен алып тастап, ауруханаға бармаған. Бірнеше аптадан кейін баланың денсаулығы күрт нашарлап, қалтырай бастаған. Сондықтан науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды.
Жалпы сәуір айынан бері аймақта 529 адамды кене шағып алған. Оның 130-дан астамы – бала. Зиянкестердің бұлай жаппай қаптауына ауа райының күрт жылынуы себеп. Сондықтан әсіресе табиғат аясына демалуға шығатындарға мамандар аса сақ болу керегін ескертеді.
"Балаға иммуноглобулин қойылып, бірден тиісті ем-дом курсы тағайындалды. Дене қызуы басылды. Теңселуін қойды. Жағдайы тұрақталып келеді. Айта кету керек, бұл – балалар арасында соңғы 30 жылда тіркелген алғашқы жағдай", - деп пікір білдірді балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі Елена Коптяева.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2384139-birneshe-aptadan-song-zhagdaiy-nasharlagan-sqo-da-16-zhastagy-bala-kene-entsefalitine-shaldyqty/