jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Астанадағы көрнекі жерлердің бірі екі айға жабылады

"Астана жұлдызы" монументі
"Астана жұлдызы" монументі. Фото: Астана әкімдігі

Елордада "Астана жұлдызы" монументіне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 маусым мен 15 тамыз аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан "Астана жұлдызы" монументіне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

Жұмыс тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті жай-күйін сақтау мақсатында жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін 7 маусымда Астанада марафонға байланысты қандай көшелер жабылатынын жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram