jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдан Ақтөбе көшелерін су басты (видео)

жауын салдры
Қала көшелерін су басты. Видеодан кадр: instagram.com/aqtobe_akimat

Ақтөбеде бір апта бойы толассыз нөсер жауып, қала көшелерін су басты. Арнайы техникалар таңға дейін жұмыс істеуде. Қазірге дейін 110 мың текше метр су сорылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе әкімдігі өкілдері Instagram-дағы парақшасында коммуналдық қызмет нөсер салдарымен қалай күресіп жатқанын мәлім етті.

Әкімдік өкілінің хабарлауынша, қала аумағында жаңбыр суын төгетін 30 орын бекітілген. Көше-жол желісінде қазіргі таңда екі ауысыммен 110 ассенизаторлық машина және 5 насос станциясы, мотопомпалар жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазгидромет мәліметі бойынша қалада әлі де бір апта нөсер күтіледі. Осы уақытқа дейін жылдық нормаға жуық жаңбыр жауды.

Осы нөсерден кейін синоптиктер мәліметінше, Ақтөбеде аптап ыстық күтіледі. Болжам бойынша маусымның ортасына таяу 40 градусқа таяу ыстық болады.

Бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдан Ақтөбе көшелерін су басты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.