jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада "Рәміздер рухы – конституцияның күші" атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті

Рәміздер рухы – конституцияның күші
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған "Рәміздер рухы – Конституцияның күші" атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті.

Оған облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, зиялы қауым, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Рәміздер рухы – конституцияның күші
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Акция "Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы" атты тақырыптық прологпен ашылды.

Аймақ басшысы жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің басты нышандарының тарихи мәні мен маңызына тоқталды.

Рәміздер рухы – конституцияның күші
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысы: "Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады", - деп атап өтті.

Рәміздер рухы – конституцияның күші
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Біздің мемлекеттік нышандарымыз Қазақстанды күллі әлемге бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде дәріптеуде. Көк туымыз халықаралық ареналарда, әлемдегі алпауыт ұйымдардың төрінде Тәуелсіз Қазақстанның атын танытты. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп ұлықтау, келер ұрпаққа аманат ету – біздің азаматтық парызымыз.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік нышандарымыз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істеріміздің ұйытқысы бола берсін! Бірлігіміз жарасып, жарқын болашаққа басқан әр қадамымыз нық, ел іргесі берік болсын!", - деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Рәміздер рухы – конституцияның күші
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шарада хордың сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран шырқалып, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындады.

Рәміздер күніне арналған акция ипподромда атты шерумен жалғасты. Сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметкерлері Сырдария өзенінде Мемлекеттік Туды қайықпен алып жүріп, мереке мазмұнын айшықтай түсті.

Қызылордада "Рәміздер рухы – конституцияның күші" атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.