jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті
Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мерекелік шара Мемлекеттік Әнұранның асқақ үнмен шырқалуынан басталып, жиналған көпшілік көк байрағымыздың көкте қалықтаған көрінісін тамашалады, деп хабарлайды Тараз қаласының әкімдігі.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңір халқын мәні мен маңызы ерекше мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі орнына тоқталды.

"Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айшықтайтын, халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің тұғырын танытатын қасиетті құндылықтар. Көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – мемлекетіміздің егемендігін, ұлттық болмысын және жарқын болашаққа деген ұмтылысын әлемге паш ететін басты нышандар.

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті
Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы және отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеудегі айрықша рөлін үнемі атап келеді. Шын мәнінде, рәміздеріміз – халқымызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, елдік сананы қалыптастыратын қуатты рухани күш.

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті
Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Бүгінде қасиетті Көк Туымыз әлемнің түкпір-түкпірінде желбіреп, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен мемлекет екенін айғақтауда. Елтаңбамыз – бірлігіміз бен ортақ шаңырағымыздың символы болса, Әнұранымыз әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш пен жігер ұялатады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!", – деді облыс әкімі.

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті
Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Аймақ басшысы Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың Отан алдындағы перзенттік парызы екенін атап өтті. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойына рәміздерді қастерлеу мәдениетін сіңіру, патриоттық рухты нығайту және конституциялық құндылықтарды дәріптеу – барша қоғамның ортақ міндеті екенін жеткізді.

Жиын барысында патриоттық тәрбие мен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа марапаттар табысталды.

Сонымен қатар халықаралық білім додалары мен спорттық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, көк Туымызды биікте желбіретіп жүрген спортшылар мен мектеп оқушыларына құрмет көрсетілді.

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті
Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар Жамбыл облысының барлық ауданында кең көлемде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен өтті.

Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиын өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.