jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Жетісу облысында Халықаралық экологтар күніне орай "Эколог сағаты" тақырыбында кездесу өтті

Эколог сағаты
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Халықаралық экологтар күніне орай жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасты дамыту мақсатында "Эколог сағаты" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Жетісу облысының әкімдігі.

Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мемлекеттік саясат және әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар дүниежүзілік деңгейде өткізілетін "Эколог сағаты" халықаралық экологиялық акциясының негізгі мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, аталған бастаманың қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесі туралы айтылды.

Кездесудің спикері – Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторының бас маманы Ахметжанова Мөлдір Мейірхатқызы жастармен ашық форматта пікір алмасып, өңірдегі экологиялық ахуал, табиғатты қорғау шаралары және қоршаған ортаны ластаудың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ спикер жастарды экологиялық акцияларға белсенді қатысуға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыруға шақырды.

Кездесу барысында қатысушылар экология саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Ашық диалог алаңы жастардың экологиялық мәселелерге деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғау ісіндегі азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Шара қорытындысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екені түсіндіріліп, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Аталған кездесу жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға, қоршаған ортаға жанашырлық көзқарасты нығайтуға және "Час Земли" акциясының құндылықтарын кеңінен насихаттауға өз үлесін қосты.

Жетісу облысында Халықаралық экологтар күніне орай "Эколог сағаты" тақырыбында кездесу өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.