jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Шымкент базарында 11 мыңнан астам жұмыртқа айналымнан алынды

Жұмыртқа
Жұмыртқа. Иллюстрациялық фото: pxhere.com

Шымкентте заңсыз импортталған тауық жұмыртқаларының ірі партиясының сатылуына тосқауыл қойылды, деп жазады Otyrar.kz.

Мамандар қала базарларының бірінен міндетті таңбалауы жоқ және ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз сатылып жатқан жұмыртқаларды анықтады. Нәтижесінде айналымнан 11 850 дана жұмыртқа алынды.

Зертханалық сараптама өнімнің қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Тәркіленген өнім арнайы комиссияның қатысуымен белгіленген тәртіп бойынша жойылды.

Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Қазақстан құс өсірушілер одағы мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыртқа өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша ақпарат құзырлы мемлекеттік органдарға беріледі.

Мамандардың айтуынша, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде Ресейден әкелінген таңбаланбаған жұмыртқаларды сату фактілері кездесуде. Осыған байланысты базарлар мен сауда орындарында тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Шымкент базарында 11 мыңнан астам жұмыртқа айналымнан алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.