jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда интернет жұмысында ақау байқалды: министрлік өкілдері түсінік берді

ноутбук алдында
Ноутбукпен жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстан бойынша интернеттен ақау байқалғанына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, жекелеген интернет-ресурстардағы уақытша іркіліс құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуына байланысты болды.

"Қазақтелеком" АҚ ақпараты бойынша, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.

"Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болды", - делінген хабарламада.

Қазақстанда интернет жұмысында ақау байқалды: министрлік өкілдері түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.