jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Аудан тұрғыны": Шиеліде каналдан табылған 16 жастағы қыздың өліміне күдікті ұсталды

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылорда облысының Шиелі ауданында денесі каналдан табылған 16 жастағы қыздың өліміне күдікті адам қолға түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған informburo.kz.

Ұсталған күдікті сол ауданның тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітов күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр және тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Еске салсақ, 3 маусымда Қызылорда облысы Шиелі ауданында каналдан 16 жастағы қыздың денесі табылған еді. Облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын жаздық.

Туыстары қыз 2 маусымда кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды.

Ал қайғыдан қабырғасы қайысқан ана жақында ғана 10-сыныпты тәмамдаған 16 жастағы қызы осыдан үш күн бұрын кешкі уақытта құрбысы хабарласқан соң, сұранып шыққанын айтқан. Ол қызы үйге түнемегенін тек ертеңінде таңда бір-ақ білген.

Сол күні кешке жасөспірімнің денесі көрші Ыбырай Жақаев ауылындағы су арнасынан табылған.

"Қыздың үстінде киімі жоқ. Аяқ киімі жоқ. Киімдері әлі табылған жоқ. Телефоны да жоқ. Жазықсыз өлтіргені айдан анық қой. Қинап солай өлтірген болып тұр", - деді марқұмның анасы Гүлжайна Қалдыбаева.

Марқұмның жақындары күдікті оқушыны асқан қатыгездікпен өлтіріп, мәйітті елсіз жердегі ағынды суға лақтырып жібергеніне сенімді. Оның үстіне жеткіншектің түнгі уақытта ауыл шетіндегі су арнасына жалғыз баруы мүмкін емес дейді жақындары. Сол себепті кінәліні қатаң жазалауды сұрап отыр.

"Аудан тұрғыны": Шиеліде каналдан табылған 16 жастағы қыздың өліміне күдікті ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.