jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы базарында 13 мыңнан астам тауық жұмыртқасы заңсыз сатылымға шығарылған

жұмыртқа
Жұмыртқаларды жою процесі. Фото: t.me/saudagovkz

Алматы базарында 13 мыңнан астам заңсыз әкелінген тауық жұмыртқасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сауда министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы базарларында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өтті.

Инспекция мамандары "Барыс-IV" базарын тексеру барысында ветеринариялық ілеспе құжаттары жоқ, тиісті таңбаланбаған және арнайы қаптамасыз сатылымға шығарылған тауық жұмыртқаларын анықтады. Заңсыз айналымнан жалпы 13 680 дана өнім алынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес хаттамалар толтырылып, кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 1 297 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

"2026 жылдың 10 маусымында тәркіленген 13 680 жұмыртқа қалалық мал қорымындағы "Беккер шұңқырына" тасталып, биотермиялық әдіспен консервацияланды.

Алдын алу шаралары оқиғадан кейін көтерме және бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өзге елдерден заңсыз әкелінген өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ресми хаттар жолданды", - делінген хабарламада.

Алматы базарында 13 мыңнан астам тауық жұмыртқасы заңсыз сатылымға шығарылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.