Атырауда 4 жыл бұрын басталған жаяу жүргіншілер жолының құрылысы әлі күнге бітпей тұр
Жарияланған күні:
Атырауда басталғанына 4 жылдан асқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысы әлі күнге бітпей тұр. Әу баста 186 шақырымды құрайтын тратуарға қала қазынасынан 2 млрд теңге бөлінген. Алайда араға уақыт салып, жоба құны 3 есеге қымбаттап шыға келді. Жауаптылар оған жобаға енгізілген өзгерістер себеп болғанын айтады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
4 жылдан бері қараусыз қалған құрылысқа тұрғындардың өкпесі қара қазандай.
"Бастағасын аяқтау керек қой. Адам жүретін жол жоқ былай қарағанда. + Мысалы, мына балабақшаның қасынан түстік, жол жоқ. Таспен жүре алмаймын мен. Сондықтан жолсыз жермен жүріп келе жатқаным сол", - қала тұрғыны Дәмеген Омарова.
"Жауын жауғанда тіпті жүре алмаймыз. Жалғыз машианың жолымен жүреміз мысалға, әрине қауіпті балалар жүреді. Ана аялдаманы 5 жыл күттік қой, енді 5 жылда істелетін болар", - дейді қала тұрғыны Жұмагүл Қосалмасова.
Ұзындығы 186 шақырымды құрайтын 188 көшеге жаяу жүргінші жолын салу жұмысы 2022 жылы басталған. Қазынадан 2 млрд теңге бөлініп, 2 мердігер мекеме белгіленіпті. Алайда мердігер мекеме басшылығы жоба бойынша құрылыс жүргізуден бас тартқан. Өйткені жобада тратуардың астына құм төсеп, бетіне бірден асфальтпен жабу көрсетілді, дейді. Одан өзге де кедергілер шығып, жобаны өзгертуді сұраған.
"Былай айтқанда, шикі жоба, ешқандай піспеген салу керек деп беріп тұр. Оны естіп алған халық күн сайын шулайды. Бұл тапсырыс берушінің қателігі болып есептелетін болар. Себебі 2019 жылғы жобамен 24,23 жылға жобалаушылардың арасында ешқандай байланыс жоқ. Бір үлкен қателіктер әрбір жобалаушының түспейтін жобаның ішіне енгізілмейтін инженерлік сеттер бар. 4 жыл ішінде уақыт өте жыл сайын баға жыл сайын өсіп жатыр. Материалға да, соған сәйкес корректировкадан өтуін сұрап, арттарынан қуалап біршама жүріп қалдық", - дейді мердігер компания өкілі Азамат Қалыбек.
Осылайша жоба құны 4 жылда 3 есеге өсіп, 6 млрд теңгеге жеткен. Түзетуден өткен құжатқа былтыр шілде айында ғана оң қорытынды шыққан. Шенділер жобаны жасақтаған компанияға бірнеше рет ескерту беріп, хат жолдадық, дейді.
"Жобалау-сметалық құжаттама сараптамадан алынғанан кейін бүкіл кемшілік құрылыс барысында жоба бойынша анықталған кемшіліктерге жауапкершілік сараптамалық және бас жобалаушыға жүктелу керек заң аясында. Біз өз тарапымыздан хат жазған болатынбыз. Ескерту берілді. Алайда біз компанияның лицензиясынан айыру бізің құзырымызда жоқ", - дейді Атырау қалалық жолаушылар көлігі Алмас Сәрсенов.
Осылайша 2023 жылы аяқталуы тиіс құрылыс әлі күнге созылып келеді. Жауаптылар жарты жолда қалдырған жолдарды биыл желтоқсанға дейін аяқтаймыз деп уәде етіп отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2387379-atyrauda-4-zhyl-buryn-bastalgan-zhaiau-zhurginshiler-zholynyng-qurylysy-ali-kunge-bitpei-tur/