jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру: шетел азаматтары үшін билет бағасы өсті

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Фото: Ақорда

Шетел азаматтары үшін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру билетінің бағасы өзгерді, деп хабарлайды "Әзірет Сұлтан" Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қорық әкімшілігінің хабарлауынша, бағалар тізбесін Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен.

Оған сәйкес, 2026 жылғы 10 маусымынан бастап Қ.А.Ясауи кесенесі аймағына, Ясауи музейі мен Сирек жәдігерлер залына кіру билеттерінің құны алыс шетел азаматтары үшін 5000 теңге, жақын шетел (ТМД) азаматтары үшін 2000 теңге болып бекітілген.

Қазақстан азаматтары үшін билет бағасы бұрынғы қалпында сақталады.

  • ересектер үшін кіру ақысы – 1000 теңге;
  • студенттер мен зейнеткерлер үшін – 500 теңге;
  • мектеп оқушылары үшін – 300 теңге.

Алайда оқушыларға қазіргідей демалыс кезеңінде кіру тегін.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру: шетел азаматтары үшін билет бағасы өсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.