jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Халықаралық балық фестивалі: Каспий жағасында дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысатын ерекше мереке өтпек

"Қазыналы Каспий-2026" фестивалі
"Қазыналы Каспий-2026" фестивалі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

17 маусымда Атырауда Каспий жағасында дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысатын ерекше мереке өтпек, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігі.

2026 жылғы 17 маусымда Атырау қаласында "Қазыналы Каспий" халықаралық балық фестивалі өтеді. Фестиваль Каспий маңы елдерінің мәдениетін, гастрономиясын және балық шаруашылығы дәстүрлерін бір алаңда тоғыстырады.

Іс-шара Атырау қаласындағы Жастар саябағында ұйымдастырылып, өңірдің туристік әлеуетін танытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және Каспий мұрасын насихаттауға бағытталған.

Бағдарламада:

  • Каспий маңы елдерінің халықаралық конференциясы
  • Гастрономиялық фестиваль
  • Аспаздар байқауы
  • Балықшылар сайысы
  • Балық өнімдерінің жәрмеңкесі
  • Шабақтандыру рәсімі
  • Кемелер шеруі
  • Концерттік және ойын-сауық бағдарламасы.

Қонақтар дәстүрлі тағамдардан дәм татып, өңірдің бірегей өнімдерімен танысып, мәдени қойылымдарды тамашалай алады.

Фестиваль әрбір келушіге Каспий өңірінің бай мұрасы мен қонақжайлығын сезінуге мүмкіндік береді.

Өтетін орны мен уақыты:

17 маусым 2026 жыл Жастар саябағы, Атырау қаласы

Халықаралық балық фестивалі: Каспий жағасында дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысатын ерекше мереке өтпек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.