jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жексенбіде күн 38 градусқа дейін ысиды: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ауа
Жаз. Көрнекі фото: Alain Pitton/NurPhoto via Getty Images

14 маусымда Қазақстанның кей өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал өзге облыстарда 38 градусқа дейін аптап күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35 градус ыстық, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) 14 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 маусымда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы 35 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с -қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жексенбіде күн 38 градусқа дейін ысиды: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.