Тоқаев құлындаған асылтұқымды биелердің құлындарына қандай ат қойды (фото)
Жарияланған күні:
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында құлындаған асылтұқымды биелері мен оның құлындарын көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім.
Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым.
"Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар" деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім", - деп жазған президент.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2388285-toqaev-qulyndagan-asyltuqymdy-bielerding-qulyndaryna-qandai-at-qoidy-foto/