jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бұдан әрі кешіктіруге болмайды": Бектенов Stadler вагондарын елге қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды

Жаңа үлгідегі вагондар
Жаңа үлгідегі вагондар. Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Бүгін үкімет отырысында Олжас Бектенов вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылар шағымына жауап беріп, қысқа мерзімде Stadler компаниясының жаңа вагондарын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар вагондарының жай-күйі туралы халық жиі шағымданады. Осыған байланысты премьер-министр қауіпсіздік талаптарын толық сақтай отырып, Stadler компаниясының жаңа вагондарын қысқа мерзімде жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Жолаушылардан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде. Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды. Өнеркәсіп министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуын қамтамасыз етуді және биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекітуді тапсырды.

"Бұдан әрі кешіктіруге болмайды": Бектенов Stadler вагондарын елге қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.