Алдағы күндері Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болатынын ескертті, деп "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, 18-20 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Ел аумағында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал.
19-20 маусымда Қазақстанның батысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады.
Республиканың қалған аумағында температураның күрт өзгеруі күтілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2389546-aldagy-kunderi-qazaqstanda-43-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-bolady/