Қазақстанда грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда 13 шілдеде білім беру гранты конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Орталықтың мәліметінше, талапкерлерден өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.
Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
- B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Қосымша ақпаратты ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласып білуге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2389663-qazaqstanda-grant-konkursyna-quzhattar-qabyldau-qashan-bastalatyny-belgili-boldy/