jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы зообағында әлсіреп жатқан аюдың суреті тарады: зообақ өкілдері пікір білдірді

Құрманбек атты аю
Құрманбек атты аю. Фото: @dilyassun/Treads

Әлеуметтік желілердегі пайдаланушылардың бірі желіге әлсіреп жатқан аюдың суретін жүктеп, бұл сурет қоғамда наразылық тудырды. Аталған суретке қатысты Алматы зообағы әкімшілігі түсініктеме берді, деп хабарлайды baq.kz.

Әлеуметтік желіде dilyassun атты Threads қолданушысы әлсіреп жатқан аюдың суретін жариялаған болатын. Желі қолданушылары жануарға аяушылық білдіріп, түрлі пікір жазған.

Зообақ өкілдерінің редакцияға берген мәліметінше, суретте ақтырнақты аю Құрманбек бейнеленген. Ол – Алматы зообағының ең кәрі "тұрғындарының" бірі.

Алматы зообағы әкімшілігі әлсіреп жатқан аюдың суретіне қатысты түсініктеме берді.

Әкімшілік аюдың жағдайы қалыпты екенін атап өтті. Құрманбек тұратын қоршауда жануарға қолайлы жағдай жасалған: кондиционер орнатылған, сондай-ақ ыстық күндері салқындап, уақыт өткізуі үшін үлкен бассейн қарастырылған.

"Аюлар көбіне таңертең және кешке белсенді болады. Ал күндіз демалғанды жөн көреді. Оның үстіне Құрманбек егде жастағы жануар болғандықтан, көп қозғалыстан гөрі тыныштықты қалайды", – деп мәлімдеді зообақ өкілдері.

Сондай-ақ мамандар аюлар кейде салқын жерлерде ұзақ уақыт тынығып жататынын айтты.

Зообақ әкімшілігінің сөзінше, барлық жануар тұрақты түрде мамандардың бақылауында болады, теңгерімді азықпен қамтамасыз етіліп, қажетті ветеринарлық көмек алады.

"Бұл жағдайда аю жай ғана өзіне жайлы жағдайда демалып жатыр", – деп түсіндірді мекеме өкілдері.

Алматы зообағында әлсіреп жатқан аюдың суреті тарады: зообақ өкілдері пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.