Бейсенбіде Қазақстанның үш мегаполисінде де өткінші жаңбыр күтіледі
Жарияланған күні:
18 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.
Астанада да өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,1 м/с.
Шымкентте де бүгін өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз термометр бағанасы 35 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 5,1 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2389888-beisenbide-qazaqstannyng-ush-megapolisinde-de-otkinshi-zhangbyr-kutiledi/