jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ пайда болады

Автобус жолағы
Автобус жолағы. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ пайда болады. Жоба 20 маусымнан бастап пилоттық режимде іске қосылады, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, жол қызметтері арнайы сары түсті жолақтарды сызу және тиісті жол белгілерін қою жұмыстарын бастап кеткен.

Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, арнайы жолақты енгізудің мақсаты – қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жол қозғалысын реттеу және қаланың ең қарқынды көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті күшейту.

Жаңа қозғалыс схемасы автобустардың тұрақты қозғалысын қамтамасыз етуге, жалпы көлік ағынындағы кідірісті азайтуға және маршруттардың қозғалыс кестесінің сақталуын жақсартуға мүмкіндік бермек.

"Пилоттық режим қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға және жол қозғалысына қатысушылардың өзгеріске кезең-кезеңімен бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жол қозғалысы басқармасы жүргізушілерден жол белгілері мен жол таңбаларына мұқият назар аударып, бағытын алдын ала жоспарлау сұрайды.

Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ пайда болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.