Шілдеде Қазақстанда +50 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Синоптиктер 2026 жылғы шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Шілдеде Қазақстанда ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың айтуынша, шілде Қазақстандағы жылдың ең ыстық айы болып қала береді.
Шілдеде елдің солтүстігі мен шығысында орташа температура +18...+23 градус шамасында болса, оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.
"Жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Аптап ыстыққа қарамастан, шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болуы ықтимал. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Шілдеде Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашын мол түседі деп күтіледі. Жаңбырмен қатар найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық жауын-шашын мөлшері немесе одан да көп түсуі ықтимал.
Сондай-ақ Қазақстанның солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде қатты найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2390014-shildede-qazaqstanda-50-gradusqa-deiin-ystyq-boluy-mumkin/