Ақмола облысында мектеп сайтында оқушылардың дерегі жарияланған: лауазымды тұлғалар жазаланды
Жарияланған күні:
Степногорск қаласының прокуратурасымен кәмелетке толмаған балалардың дербес деректерін заңсыз орналастыру фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Степногорск қаласының прокуратурасымен кәмелетке толмаған балалардың дербес деректерін заңсыз орналастыру фактілері анықталды.
"Жекелеген мектептер мен білім бөлімінің интернет-ресурстарында 165 кәмелетке толмаған баланың дербес деректерін қамтитын құжаттар жарияланған. Атап айтқанда, олардың тегі, аты-жөні, оқитын орны және әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер орналастырылған.
Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ қорғаншылықтағы балалар бар. Көрсетілген мәліметтер еркін қолжетімділікте болып, олардың әрі қарай таралу қаупін тудырған", - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылып, кәмелетке толмағандардың дербес деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды, ал кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Балалардың құқықтарын қорғау және дербес деректер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2390349-aqmola-oblysynda-mektep-saitynda-oqushylardyng-deregi-zhariialangan-lauazymdy-tulgalar-zhazalandy/