jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Балаева қазақ тіліндегі цифрлық контенттің сапасын арттыруға қатысты тапсырма берді

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тіл саясаты комитетіне сілтеме жасап.

Құрамы жаңартылған комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады.

Комиссия мүшелері тілдік дағдыларды қалыптастыруда балабақша мен мектептің шешуші рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін заман талабына сай жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты комиссия төрайымы әр жас санатына арналған лексикалық және грамматикалық минимумдарды әзірлеу мен бекітуді, сондай-ақ оларды тиімді меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құралдарды енгізуді тапсырды.

Ақпарат саласы бойынша ұсынылған есепке сәйкес, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі онлайн-контенттің үлесі 78 пайызға жеткен. Мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың үлесі шамамен 60 пайызды құрайды. Сонымен қатар отандық телевизиялық өнімдердің 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде эфирге шығуда.

Мемлекеттік тілдегі ақпарат пен сапалы контентке деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Әсіресе жастар арасында қазақ тіліндегі цифрлық контентті тұтыну көлемінің қарқынды өсуі байқалады.

Осыған байланысты Аида Балаева бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясаты талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер жүктелді.

Атап айтқанда, отандық кино өнімдерін прокатқа шығару кезінде тілдік нормалардың сақталуын күшейту, ақпарат құралдарындағы тіл тазалығына, стиль мәдениетіне және тілдік әдеп талаптарына ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

"Сонымен қатар Халықаралық қазақ тілі қоғамының бастамасымен қазақ тіліне дубляждалған Disney, Pixar және Sony студияларының балаларға арналған фильмдерін еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен көрсетуді қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Комиссия төрайымы бұл жобалардың тек Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ғана емес, облыс орталықтары мен ауылдық жерлердегі көрерменге де қолжетімді болуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Отырыста OpenAI компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан ChatGPT моделін қазақ тіліндегі сапалы мазмұнмен толықтыру жобасының барысы да тыңдалды.

Балаева қазақ тіліндегі цифрлық контенттің сапасын арттыруға қатысты тапсырма берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.