jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырауда КТ кезегі ұзарды: неліктен науқастар балалар ауруханасына жолданып жатыр

Дәрігер
Дәрігер. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Атырауда тұрғындар компьютерлік томографияны ұзақ күтетіндеріне шағым айтып жатыр. Олардың айтуынша, облыстық аурухананың пациенттерін қазір тәулік бойы облыстық балалар ауруханасына тексеріске жеткізуде, соның салдарынан медициналық мекеме алдында жедел жәрдем көліктерінің кезегі пайда болған, деп жазады "Ақ Жайық".

Қала тұрғындарының айтуынша, кейбір науқастар өз кезегін тіпті жедел жәрдем көліктерінде күтуге мәжбүр, арасында ауыр халдегі адамдар да бар.

Бұл жағдайға Атырау облыстық ауруханасының директоры Ербол Иманғалиев түсініктеме берді. Оның сөзінше, мәселе ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеумен байланысты.

"Күрделі жөндеуге байланысты облыстық ауруханада екі компьютерлік томография аппараты уақытша істемей тұр. Сондықтан барлық науқасты жасалған келісім бойынша облыстық балалар ауруханасына жіберіп отырмыз. Кезекші дәрігерлер тәулік бойы, 24/7 жұмыс істейді," — деді Ербол Иманғалиев.

Осылайша облыстық аурухана пациенттеріне компьютерлік томография облыстық балалар ауруханасында жасалуда. Алайда тұрғындардың айтуынша, жүктеменің артуына байланысты тексеру кезегін күту уақыты едәуір ұзарып кеткен.

Жөндеу жұмыстарының нақты аяқталу мерзімі мен облыстық аурухананың өз томографтарының қайта іске қосылатын уақыты әзірге белгісіз. 

Атырауда КТ кезегі ұзарды: неліктен науқастар балалар ауруханасына жолданып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.