140 мың грант бөлінді: Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау қашан басталады
Жарияланған күні:
Қазақстанда 25 маусымнан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 2026-2027 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 140 мың орын бөлінген.
Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады.
"Мемлекеттік білім беру тапсырысы техникалық мамандықтар бойынша ұлғайтылды", - делінген хабарламада.
Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімдері:
- Жұмысшы біліктілігі бойынша – 25 маусымнан 27 тамызға дейін;
- Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) – 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
- Шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
- Педагогикалық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 10 тамызға дейін (9 және 11 сынып базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында);
- Медициналық мамандықтар бойынша – 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін,
- 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін;
- Кешкі оқу нысаны бойынша – 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.
Сондай-ақ министрлік колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылғанын еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2391435-140-myng-grant-bolindi-qazaqstanda-kolledzhderge-quzhat-qabyldau-qashan-bastalady/