jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Босанған кезде құлатып алған": Алматы облысында жаңа туған нәресте шетінеп кетті

Көрнекі
Нәресте. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Желіде Алматы облысы Қаскелең қаласында жаңа туылған нәресте шетінеп кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы жазды. Оның айтуынша, туысы босанған соң, оны арба-керуетпен емес, мүгедектер арбасымен алып жүрген. Соның салдарынан бала құлап кеткен. Аталған жайтқа Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы жауап берді, деп хабарлайды kazinform.

"Ең сорақысы, дәрігерлер сәбиді құтқару немесе оған көмектесу үшін ештеңе істемеген. Олар баланың жағдайы жақсы екенін айтып, анасының қолына ұстата салған. Келесі күні бала емшек емуді қойып, әзер тыныс ала бастады, содан кейін оны басқа ауруханаға ота жасау үшін шұғыл түрде ауыстырды. Бала аман қалмады. Басқа аурухананың дәрігерлері бізге сәбидің жарақатпен түскенін айтты. Ал қазір перзентхана өз салғырттығы үшін жауапкершіліктен қашып отыр", — деп жазды Бибінұр.

Аталған жағдайға байланысты Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасы жауап берді. Мекеме жауабына сәйкес, бұл оқиға бойынша медициналық көмектің көрсетілу сапасына ішкі аудит, сондай-ақ өтініште көрсетілген деректер бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

"Қорытынды тұжырымдар ішкі тергеп-тексеру нәтижелері, медициналық құжаттамаға жүргізілген сараптамалық бағалау және уәкілетті сараптамалық ұйымдардың қорытындылары негізінде жасалатын болады. Барлық тексеру іс-шаралары аяқталып, түпкілікті қорытындылар алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", — делінген мәлімдемеде.

"Босанған кезде құлатып алған": Алматы облысында жаңа туған нәресте шетінеп кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.