jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Дауыл, жаңбыр, бұршақ: шілденің алғашқы күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жаңбыр
Көрнекі фото: Pexels

Шілденің алғашқы күні еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақтауда 1 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр болады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болатыны болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа оййыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбеде 1 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15 м/с қамтиды.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 1 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта 1 шілдеде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 1 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 1 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік- шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 1 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавлда 1 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Дауыл, жаңбыр, бұршақ: шілденің алғашқы күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.