jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда туу көрсеткіші 4 есе төмендеді: әйелдер бала тууға асықпайтын болған

Сәбиіне қарап отырған ана. Көрнекі сурет
Сәбиіне қарап отырған ана. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда көпбалалы отбасы азайып барады, сонымен қатар әйелдер бала тууды барған сайын кейінгі қалдыруда, деп хабарлайды Ranking.kz-ке сілтеме жасаған BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бірнеше жыл ішінде бір үйге орташа есеппен 1,1 баладан келген.

Алайда 2026 жылы бұл көрсеткіш 1-ге дейін төмендеді. Сонымен қатар отбасының орташа көлемі де азайды. 2021 жылғы 3,4 адамнан 2026 жылы 3,2 адамға дейін кеміген. Мамандардың пікірінше, бұл үрдіс аз балалы отбасы моделіне біртіндеп көшуді көрсетуі мүмкін.

Отбасылардағы бала санының ең жоғары көрсеткіштері еліміздің оңтүстік өңірлерінде сақталып отыр:

  • Түркістан облысы - бір үйде орташа есеппен 2,1 бала;
  • Қызылорда облысы - 1,7;
  • Жамбыл облысы - 1,4.

Алматыда бұл көрсеткіш 0,6-ны, Астанада - 0,8-ді құрайды, ал ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді - 0,5.

"Отбасылардағы бала санының азаю үрдісі көптеген әлеуметтік және экономикалық факторға байланысты. Соның бірі - әйелдердің аз бала туу туралы шешімі. Бұл тренд қатарынан төртінші жыл байқалып отыр. Ұлттық статистика бюросы оны туудың жиынтық коэффициенті бойынша бағалайды. 2021 жылдан бастап бір әйелге шаққандағы бала туғандар санының көрсеткіші (3,3) жыл сайын төмендеп, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,6-ға дейін жетті", – деп атап өтті мамандар.

Бұл жаңа туған нәрестелердің жалпы санына әсер етті. 2021 жылы туған рекордтық 445,9 мың баладан кейін бұл көрсеткіш жыл сайын қысқарды. 2025 жылы Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді, бұл төрт жыл бұрынғыға қарағанда шамамен 25%-ға аз.

Статистика сонымен қатар қазақстандық әйелдердің ана атану жасының ұлғайып бара жатқанын көрсетеді. 2019 жылмен салыстырғанда 20-дан 29 жасқа дейінгі аралықта босанған әйелдердің үлесі төмендеген, ал 30-39 жастағы әйелдер арасында босану саны, керісінше, өскен.

Сарапшылар туу көрсеткішінің төмендеуінің басты себептерінің бірі ретінде экономикалық факторды атайды. Бюро мәліметтеріне сәйкес, бала саны көп отбасылар күнкөріс деңгейінің төменгі шегінен асып, кедейлікке жиі тап болады, ал жалғызбасты адамдар мен баласы жоқ немесе бала саны ең аз отбасылар арасында кедейлік деңгейі ең төмен болып қалып отыр.

Бұған дейін 2026 жылдың алғашқы үш айында елде 74 мыңға жуық бала дүниеге келгені белгілі болған еді. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз, ол кезде дүниеге шамамен 77 мың нәресте келген болатын.

Қазақстанда туу көрсеткіші 4 есе төмендеді: әйелдер бала тууға асықпайтын болған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.