jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы облысында егіз сәбиін дүниеге әкелген әйел ауруханада көз жұмды

Жансақтау бөлімі
Жансақтау бөлімі. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы облысында егіз сәбиін дүниеге әкелген 40 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Марқұмның туыстары бұған дәрігерлерді кінәлап отыр. Олар операциядан кейін әйелге жансақтау бөлімінде тиісті медициналық көмек көрсетілмегенін алға тартады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

40 жастағы Қарлығаш Отарбаева дәл туған күнінде екі жанға өмір сыйлап өзі өмірден озды. Туыстарының айтуынша, марқұмның жүктілік кезінде денсаулығы жақсы болған. Алайда мерзімінен ерте 7 ай толғанда толғақ қысып, операция арқылы босанады. Бірақ жақындарына кесарь тілігі жасалатыны алдын ала ескертілмеді дейді. Сөздерінше, кейін жансақтау бөлімінде әйелге тиісті медициналық көмек көрсетілмеген. Науқастың телефонындағы жазбаларды өшіріп, істі жасыруға тырысқан, деп айыптайды туыстары.

"3 этажға 6 палатаға шығарды мені, менің жағдайым жақсы" деп өзі айтып тұр. Ал врачтардың бізге айтқаны өтірік болды. Жоқ біз реанимациядан вообще қозғаған жоқпыз, сол жерде жатты, сол жерде қайтыс болды, біз 3 сағат реанимация жасадық өзіне-өзі келмеді деп өтірік айтты бізге", - дейді марқұмның туысы Гүлсін Қасабекова.

Марқұмның әкесі дәрігерлер жағдайды жасырып отыр, дейді.

"Не жағдай болды оның бәрін жасырып отыр. Телефонындағы чипын ұрлап алған. Бермей қойды бізге. Чипы жоқ әлі. Неге оны врачтар алады? Қандай қақысы бар чипын алуға біреудің телефонындағы. Соны ұрлап алып мына запсиьтеріміздің бәрін өшірген ғой", - дейді марқұмның әкесі Бекмұрат Отарбаев.

Ал аурухана басшылығының мәліметінше, жүкті әйел перзентханаға ауыр жағдайда жеткізіліп, қан қысымы көтеріліп, мерзімінен бұрын босану қаупі болған. Сол себепті науқастың келісімімен шұғыл түрде кесарь тілігі жасалған. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өткенімен, кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтаған.

"Науқастың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келген барлық медициналық шара қабылданды. Өкінішке қарай, нәтиже болмады. Біздің клиникалық диагнозымыз бойынша, жүректің тоқтауына өкпе артериясының тромбоэмболиясы себеп болған. Дегенмен бұл жағдайға байланысты ауруханада ішкі қызметтік тексеріс жүргізіледі. Сондай-ақ барлық материал сот-медициналық сараптамаға жолданды", - дейді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Гүлнұр Кенжебекова.

Дүниеге келген сәтте-ақ анасыз қалған егіз сәби қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Ал марқұмның жақындары оқиғаға қатысты жан-жақты тергеу жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Алматы облысында егіз сәбиін дүниеге әкелген әйел ауруханада көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.