БҚО-да екі бірдей полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысында екі бірдей полицей қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы ІІМ басшысы Ержан Сәденов хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Сәденов Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол.
Сонымен бірге ол Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін де атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2396035-bqo-da-eki-birdei-politsei-qyzmettik-mindetin-atqaru-kezinde-qaza-tapty/