jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Белгілі қазақ журналисі Жанұзақ Аязбеков өмірден озды

Жанұзақ Аязбеков
Жанұзақ Аязбеков. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның Құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жанұзақ Аязбековтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен барша оқырман қауымға қайғыра көңіл айтты.

"Жанұзақ Аязбеков саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына арнап, тағылымды туындыларымен оқырман ықыласына бөленді. Еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио комитетінде бастап, өңірлік радио мен баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды. Кәсіби білімі мен мол тәжірибесін елдік мүддеге жұмсаған азаматтың журналистика мен руханият саласындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланды.

Жанұзақ Аязбековтің жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыр жолы мен артында қалдырған шығармашылық мұрасы ел есінде сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!", — делінген министрлік хабарламасында.

Белгілі қазақ журналисі Жанұзақ Аязбеков өмірден озды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.