39 градусқа дейін ыстық: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады
Жарияланған күні:
6 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,0 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз 39 градусқа дейін ыстық болса, түнде термометр бағанасы 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2396410-39-gradusqa-deiin-ystyq-qazaqstan-megapolisterinde-bugin-kun-raiy-qandai-bolady/