jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Көлсай көлдері аумағында демалып жүрген 16 жастағы қызды жылан шығып алды

Алғашқы медициналық көмек
Құтқарушы жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Видеодан кадр: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Көлсай көлдері аумағында жылан шаққан жасөспірім қызға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, Алматы облысындағы Көлсай көлдері аумағында кезекшілік атқарып жүрген жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне демалушылар жүгінген. Олар 16 жастағы қызды жылан шағып алғанын хабарлаған.

Құтқарушылар зардап шеккен жасөспірімге әмбебап құтқару бекетінде алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Одан кейін жасөспірім қызметтік автокөлікпен медициналық мекемеге жеткізілген.

ТЖМ жылы мезгілде жыландар белсенді болатынын еске салды.

"Табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, белгіленген соқпақтардан шықпаңыз, демалыс орнын мұқият тексеріңіз және жыландарға жақындамаңыз әрі оларды ұстауға тырыспаңыз. Жылан шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз және 112 нөміріне хабарласыңыз", - деп ескертті құтқарушылар.

Көлсай көлдері аумағында демалып жүрген 16 жастағы қызды жылан шығып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.