jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

ТЖМ ел көлемінде катерлер мен қайықтардың қауіпсіздігін тексеру жұмыстары басталғанын жариялады

катер иесімен әңгімелесіп тұрған ТЖМ қызметкері
Катер иесімен әңгімелесіп тұрған ТЖМ қызметкері. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері ел бойынша шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуы бақылана бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1 шілдеден бастап Төтенше жағдайлар министрлігіне шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер берілді.

Тиісті заңнамалық өзгерістер мемлекет басшысы биыл 11 маусымда қол қойған заңда көзделген. Аталған өкілеттіктерді беру су айдындарында, әсіресе халық жаппай демалатын орындарда азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалануға байланысты оқиғалардың алдын алу бойынша кешенді тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа функцияларды іске асыру аясында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Көлік прокуратурасымен бірлесіп, су айдындарында профилактикалық іс-шаралар, рейдтер мен тексерулер жүргізуде, шағын көлемді кемелер иелері мен кеме жүргізушілерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылауда, сондай-ақ халық арасында судағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Шағын көлемді кемелерді пайдалану талаптарының сақталуына, міндетті құтқару құралдарының болуына, тиісті басқару құқығы жоқ тұлғалардың кемені басқаруына жол бермеуге, сондай-ақ техникалық ақауы бар жүзу құралдарын пайдалануды болдырмауға ерекше назар аударылуда.

ТЖМ шағын көлемді кемелерді пайдалану саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.

"Бүгінгі таңда республика бойынша 164 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Барлық фактілер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды", - делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ шағын көлемді кемелердің барлық иелері мен кеме жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың, құтқару құралдарын пайдаланудың, ауа райы жағдайын алдын ала бағалаудың және өз қауіпсіздігі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салды.

ТЖМ ел көлемінде катерлер мен қайықтардың қауіпсіздігін тексеру жұмыстары басталғанын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.