jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан күдікті ұсталды

Полиция
Полиция. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан күдікті ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің 22 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны екені анықталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тергеу мәліметінше, ол жасөспіріммен тикток желісі арқылы танысып, кейін байланысын басқа мессенджерде жалғастырған. Қыздың сеніміне кіріп, психологиялық қысым көрсеткен,  сондай-ақ 20 мың теңге беремін деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фото мен бейнематериалдарды алған. Артынша оларды жабық арналарда заңсыз таратып, одан  пайда көрген.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы. Жанар Қалықова.

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан күдікті ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.