jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

КҚК терминалына жаңа шабуыл жасалды: Қазақстан Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Теңіздегі танкер
Танкер. Иллюстрациялық фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстарын жүргізіп жатқан "NELSA" танкеріне ұшқышсыз ұшу аппаратынан шабуыл жасалған.

Салдарынан өрт шыққан, дегенмен ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдарына бағалау жүргізіліп жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Министрлік өкілдері Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу барысында танкерлерге ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған еді. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеп жатқан.

Бұл жағдайға қатысты Энергетика министрлігі мәлімдеме жасап, Сыртқы істер министрлігі шабуылды қатаң айыптаған болатын.

КҚК терминалына жаңа шабуыл жасалды: Қазақстан Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.