Жаңаөзенде жоғалған 9 жасар бала табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жаңаөзенде жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды. Ол досының үйінде болған, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жаңаөзенде жоғалған 9 жасар баланың ата-анасы басылымға оның аман-есен табылғанын хабарлаған.
Белгілі болғандай, ол досының үйінде болған. Қазіргі уақытта алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды, оларды қараусыз қалдырмауды және балаларының қайда, кіммен жүргенін үнемі қадағалап отыруды еске салады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде куәгерлер соңғы рет аялдамада көрген 9 жасар ұл бала іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.
Баланың әкесі тұрғындар мен полициядан көмек сұраған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2405267-zhangaozende-zhogalgan-9-zhasar-bala-tabyldy/
