jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Іздеу жарияланған мерзімді қызметтегі сарбаз Өскеменнен 20 шақырым жерде ұсталды

Сарбаз
Сарбаз. Фото: instagram.com/military_police_kz

Қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметші Өскеменнен 20 шақырым жерде ұсталды, деп хабарлайды ҚР Қарулы күштері Әскери полициясының бас басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы әскери қызметшілерінің күшімен Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметші, қатардағы жауынгер А.Е. Мархан облыс орталығынан 20 шақырым жерде ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз үйін сағынып, қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен.

Тексеру барысында әскери қызметші командирлер және бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қарсы келетін қарым-қатынас пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен мерзімді әскери қызметшіге іздеу жарияланғанын жазған едік. Оқиға 23 шілдеде болған. Сарбазда өзімен бірге қару болмаған.

Іздеу жарияланған мерзімді қызметтегі сарбаз Өскеменнен 20 шақырым жерде ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.