jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматыдағы Канье Уэсттің концерті: алты бағыт бойынша 60 тегін шаттл қатынайды

Өз концертінде ән айтып тұрған Канье Уэст
Өз концертінде ән айтып тұрған Канье Уэст. Фото: Ramon VAN FLYMEN / ANP / AFP via Getty Images

Әйгілі рэпер Канье Уэсттің Алматыдағы концерті кезінде тегін шаттлдар қатынайды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, 14 тамызда Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің (YE) концерті өтеді. Осыған байланысты көрермендердің қауіпсіздігі мен көлік қатынасын қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар ұйымдастырылады.

"Негізгі басымдық қоғамдық көлік жұмысына беріледі: іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтарды қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды", - делінген хабарламада.

Көрермендерге қолайлы болу үшін автобустар Орталық стадионнан мына бағыттарға қатынайды:

  • Алматы Арена – 10 автобус;
  • Райымбек батыр / "Алатау" метро бекеті – 10 автобус;
  • Алматы-1 теміржол вокзалы – 5 автобус;
  • Орбита – 5 автобус;
  • Жұлдыз шағынауданы – 10 автобус;
  • Алматы халықаралық әуежайы – 10 автобус.

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілдеде Алматыда әйгілі америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпарат тарады. Алдымен бұл жаңалықты оның менеджері Джозеф Карре хабарлады. Кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ақпаратты растады.

Концерт 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтетіні белгілі болды.

Бүгін Алматы полициясы Канье Уэсттің тыңдарманына үндеу жасап, концертке билет сатып алу кезінде алаяқтарға алданып қалмаудың жолдарын айтты.

Алматыдағы Канье Уэсттің концерті: алты бағыт бойынша 60 тегін шаттл қатынайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.