25 тамызға дейін: Ғылым министрлігі грант иегерлеріне маңызды хабарлама жолдады
Жарияланған күні:
Читать на русском
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлері 25 тамызға дейін қабылдау комиссиясына тапсыруы тиіс құжаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Министрлік білім гранты иегері атанған талапкерлерге одан әрі не істеу керектігін түсіндірді. Олар grant.testcenter.kz сайты арқылы грант иеленгені туралы куәлікті алуы қажет.
Ары қарай талапкерлер 25 тамызға (қоса алғанда) дейін грант немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін ЖОО-ларға құжаттар тапсыру керек.
Қабылдау комиссияларына келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- жеке куәлік;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом;
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі, білім грантын тағайындау туралы электронды куәлік (болған жағдайда):
- жеңілдетілген санат бойынша растайтын құжаттар (болған жағдайда).
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Қазақстанда мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жарияланған еді. Толық тізіммен мына жерден танысуға болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2410703-25-tamyzga-deiin-gylym-ministrligi-grant-iegerlerine-mangyzdy-habarlama-zholdady/
