jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда Канье Уэст концерті кейінге шегерілді

Канье Уэст
Канье Уэст. Фото: Wally Skalij/Los Angeles Times via Getty Images

Алматыдағы Орталық стадионға жиналған келушілерге Канье Уэстің концерті ертеңге, 15 тамызға ауыстырылғаны хабарланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі мәлімдеді.

Келушілер концерттің басталуын күткен еді, алайда әртіс сахнаға шықпады. Көп ұзамай концерт уақыты ертеңге шегерілгені айтылды. Ұйымдастырушылар бұл — қауіпсіздік шараларына байланысты қабылданған шешім екенін ескертті. Олардың сөзінше, қауіпсіздік – бәрінен маңызды.

Алматының орталық стадионы
Алматының орталық стадионы. Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова

Көпшілік мұны алғашында әзіл деп ойлады. Алайда көп ұзамай адамдар есеңгіреген күйде тарай бастады.

Көрермендерге билеттердің жарамды болатыны хабарланды. Концерт ертең дәл сол уақытта өтеді.

NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін қалалық әкімдікке сауал жолдады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Канье Уэстің концерті басталар алдында дауыл палаткаларды ұшырып әкеткенін жазған едік.

Алматыда Канье Уэст концерті кейінге шегерілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.