Фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі сотта жәбірленуші болудан бас тартуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана қалалық Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының кулуарында адвокат Мұрат Мәуметов клиенті Әділет Зейнелдің соттағы ұстанымын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер адвокаттан Әділет Зейнелдің іс бойынша мәртебесін сұрады. Адвокат клиентінің жәбірленуші болудан бас тартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
"Біз әлі бас тартқан жоқпыз. Өтініш берілмеді, бірақ жоспарлап отырмыз. Иә, Әділет анасының пайдасына бас тартады (Ұлдана Мырзуанованың анасы – ред.). Заң бойынша рұқсат етілген. Біз әзірге өтініш берген жоқпыз, бірақ жақын арада береміз", - деді адвокат.
Оның айтуынша, клиенті сот отырыстарына қатысқысы келмейді. Айта кетейік, бүгін Әділет Зейнел сотқа қатысты.
Ұлдана Мырзуанның ісі
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер құлап, адамдар зардап шеккен еді.
Кейін оқиға орнында жедел жәрдем фельдшері де жарақат алғаны белгілі болды. Ол зардап шеккен ер адамды үйінді астынан шығарып алмақ болған кезде, басына 9-қабаттан кондиционер құлаған.
Өкінішке қарай, 18 қарашада фельдшер көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұм Ұлдана Мырзуанды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Зардап шегушінің бас сүйегіне трепанация жасалды.
Ал биыл шілденің соңында марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ешанкулова бұрынғы күйеуі екінші рет үйленіп жатқанын естіп, қазақстандықтарға үндеу жасады.
Көп ұзамай Ұлдананың бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел мен оның анасы қоғам сынына жауап берді. Зейнел қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартпайтынын мәлімдеді. Ол "істі соңына дейін жеткізіп, әділдікке қол жеткізгісі" келетінін айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2414387-feldsher-uldana-myrzuannyng-buryngy-kuieui-sotta-zhabirlenushi-boludan-bas-tartuy-mumkin/
