Құрылтай жұмысын бастады: депутаттарға қызметтік көлік пен жүргізуші беріле ме
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бір палаталы Құрылтай депутаттарының қызметтік көлігі мен жүргізушісі бола ма? Бұл сұраққа депутат Мақсұт Нәсібұлов жауап берді, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің мәліметінше, палатаның алғашқы отырысынан кейін журналистер депутат Мақсұт Нәсібұловтан депутаттарға қызметтік көлік пен жеке жүргізуші беріле ме, деп сұраған.
"Депутатқа қызметтік көлік берілмейді. Жеке жүргізуші де жоқ", - деп жауап берді Мақсұт Нәсібұлов.
Кейінірек Құрылтайдың баспасөз қызметі агенттікке депутаттар қажет болған жағдайда көлік сұрата алатынын хабарлаған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін бір палаталы Құрылтай отырысында депутаттар Айбек Дәдебайды спикер етіп сайлауға бірауыздан дауыс берді. Оның кандидатурасын бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
Бұдан бөлек, Құрылтайдың вице-спикерлері сайланды. Олар – Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Закиева.
Одан әрі бір палаталы парламенттің құрылымы жасақталды. Кейін сегіз тұрақты комитеттің құрылғаны жарияланып, олардың төрағаларының есімдері аталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2419973-quryltai-zhumysyn-bastady-deputattarga-qyzmettik-kolik-pen-zhurgizushi-berile-me/
