Бір күнде болған үш жер сілкінісі Алматыдағы жылжымайтын мүлік нарығына әсер етті ме
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мамандар 28 қыркүйекте болған жер сілкінісінің Алматыдағы жылжымайтын мүлік сұранысына әсері туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасының сайтына сілтеме жасап.
Телеарнаға берген сұхбатында Роман Суров бес жыл бұрын Алматыға көшіп келгенде пәтерді мұқият таңдағанын айтады. Ол жер сілкінісіне төзімдірек деп санап, XX ғасырда салынған үйлерді арнайы іздеген. Нәтижесінде соңғы жер асты дүмпулерін төртінші қабатта тұратын ол сезген жоқ.
"Әрине, пәтеріңізде бәрі шайқалып жатқанда өміріңе алаңдайсың. Мен жеңіл ғана тербелісті сездім, яғни ештеңе байқалмады деуге болады. Мен тіпті түсінбей қалдым. Кейін сирена қосылды. Ол дер кезінде іске қосылды. Біз асықпай жиналып, төмен түстік. Сондықтан маған жайлы", - деді Роман Суров.
Алайда Роман сияқты бәрінің жолы бола бермейді. Алматылықтар дүйсенбі күнгі жер сілкінісінің қаншалықты қатты болғанын әлі күнге дейін талқылап жатыр. Кейбіреу қаладан көшу туралы ойлана бастады. Олар үшін бірінші кезекте төменгі қабаттағы пәтер маңызды.
Былтырғы жер сілкіністерінен кейін мұндай пәтерлердің бағасы айтарлықтай көтеріліп, ал жоғарғы қабаттағылардың бағасы, керісінше, арзандаған еді. Алайда бұл ұзаққа созылмады.
"Бағаның өзгеруі – ақпараттық факторға байланысты реакция. Яғни, бірінші қабатта тұрып, пәтерін сатқысы келетін адам қазіргі сәтте бағаны қымбаттатып сата аламын деп ойлауы мүмкін. Ол жарнамадағы бағаны көтереді.
Ал оның алдында қолма-қол ақшасы бар адамдар кезекке тұрып жатқан жоқ. Ерте ме, кеш пе, ол нарықтық жүйеге қайта оралуға мәжбүр болады", - деп түсіндірді ҚР Риелторлардың өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко.
Нарықта бағаның айтарлықтай өзгерісі әзірге байқалмайды. Сонымен қатар сәулетшілер мен урбанистер пәтердің қауіпсіздігі қабатқа байланысты емес екенін айтады. Үйдің қайда және қалай салынғаны әлдеқайда маңызды. Мамандардың айтуынша, қазіргі тұрғын үй кешендерінің жартысынан көбі талаптарды бұза отырып салынады. Сондықтан қатты жер сілкінісі кезінде мұндай ғимараттар шыдас бермеуі мүмкін.
Кейде құрылыс салушы артық қабат қосып жатады. Бұл құрылымға қосымша салмақ түсіреді. Кейде жай ғана нормалар сақталмайды. Бетонның өзі барлық жерде жақсы дірілдеуі керек. Міне, осы сәттер бетонның өзінде жүктемеге төтеп бере алмайтын орындардың пайда болуына әкеп соғады", - деп атап өтті урбанист Тихон Шутов.
Эвакуация кезінде қабаттың маңызы бар екені, өйткені төменгі қабаттардан көшеге шығу оңайырақ болатыны атап өтілді.
Дереккөз: КТК
Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте сағат 06:32-де Алматы тұрғындары желіде таңертең ерте сезілген жер сілкінісі туралы жазба жариялады.
Кейін сағат 09:38-де жер сілкінісі қайталанды.
Сол күні түстен кейін Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2435593-bir-kunde-bolgan-ush-zher-silkinisi-almatydagy-zhylzhymaityn-mulik-narygyna-aser-etti-me/
