Каспийдегі трагедия: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында қызметке салғырт қарағаны үшін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Соттың санкциясымен ол қамауға алынды", - деп мәлім етті ведомствоның баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, жел екпінінің күшеюі салдарынан ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кетіп, олардың 14-і қаза тапты.
Үш әскери қызметші құтқарылды.
Қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды.
Сондай-ақ Дәурен Қосанов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.
Бұған дейін ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымын Қанат Ниязбеков атқарған болатын. Ол да осы қайғылы оқиғадан кейін қызметінен босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2438968-kaspiidegi-tragediia-askeri-tengiz-kushterining-buryngy-bas-qolbasshysy-ustaldy/
