Астанада күту уақытын қысқарту үшін қосымша автобустар шығарылады: бағыттар тізімі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада автобус күту уақытын қысқарту үшін 29 қосымша автобус шығарылады, олар 12 қалалық бағыт бойынша жүреді. Бұл туралы әкімдіктің iKomek109 орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, көлік қызметін көрсету сапасын жақсарту мақсатында 19 қазаннан бастап 12 қалалық бағдардағы автобустар саны 29-ға көбейтіледі. Олар тек жұмыс күндері қатынайды.
- № 13 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 14);
- № 20 бағдар – енді 21 автобус (бұрын 19);
- № 21 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 17);
- № 31 бағдар – енді 15 автобус (бұрын 12);
- № 41 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 14)
- № 44 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 16);
- № 58 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 18);
- № 60А бағдар – енді 13 автобус (бұрын 11);
- № 60Б бағдар – енді 13 автобус (бұрын 11);
- № 62 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 17);
- № 501 экспресс-бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 503 экспресс-бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12).
"Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада автобуста жол жүру тарифі көтерілетінін, енді жолаушылар 150-ден 400 теңгеге дейін төлейтінін жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2443639-astanada-kutu-uaqytyn-qysqartu-ushin-qosymsha-avtobustar-shygarylady-bagyttar-tizimi/