Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін жаңа әдеп қағидаттары әзірленеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мемлекеттік қызметшілерге қатысты жаңашылдықтар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Мемлекеттік қызметшілер үшін Конституция ережелері және мемлекет пен қоғамға қызмет ету ұстанымдарына негізделген жаңа әдеп қағидаттары енгізіледі.
Жүргізіліп жатқан өзгерістердің стратегиялық бағдары ретінде ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарын айқындайтын құжат әзірленеді", - деді Жұманғарин.
Оның айтуынша, құжатты Президент әкімшілігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен ҚСЗИ бірлесіп әзірлейді.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажеттігін айтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2451267-qazaqstanda-memlekettik-qyzmetshiler-ushin-zhanga-adep-qagidattary-azirlenedi/